Семейде жылы аялдамалар орнатыла бастады

Семей көшелеріне жылы аялдамалар орнатыла бастады.

Жылыту радиаторы, бейне камерасы, ұялы телефонды қуаттау құрылғысы бар павильондар қала орталығындағы екі жерге қойылды. Демеушілердің қаражатына салынған жылы тұрақтардың бой көтеруіне жергілікті әкімдік бастамашы болған.

Айжан Жұманова, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі уақытта Абай және Шәкәрім даңғылдарына екі жылы аялдама қойылды. Жылы аялдамалар қала тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатында орнатылып отыр. Енді семейліктер қыс кезінде автобус күткенде тоңбайтын болады.