Биыл 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл жыл басынан бері 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралды.

Қандас мәртебесін алғандардың жартысынан көбі Өзбекстан, Қытай, Түркіменстан және Моңғолиядан келген. Олар Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Шымкент, Астана қалаларына қоныстанды. Этникалық қоныс аударушылардың 58 пайызы еңбекке қабілетті жаста. Қалғандары бұл жасқа жетпеген адамдар мен зейнеткерлер. Ал білім деңгейі бойынша 13 пайызы жоғары білімді. 39 пайыздайы арнайы орта білімді.