Майқұдықта 9 қабатты үй қабырғасына Әлихан Бөкейханның портреті салынып жатыр

Қарағандыда көлемі 9 қабатты үймен бірдей болатын Әлихан Бөкейханның алып портреті пайда болады.

Майқұдықтағы көп қабатты үйдің бірінің қасбетінде ұлт көсемінің муралы салынып жатыр. Осылайша мемлекет және қоғам қайраткерінің жарқын келбеті былтыр ғана өзінің аты берілген ауданның сәнді жері болып шыға келді. Жоба авторлары картинаны барынша жарқын әрі қанық түспен бояуға тырысқан. Бұл Әлихан аңсаған елдің ендігі болашағы жарқын болады деген нышан. Күн райы жайлы болса туынды алдағы бірер күнде аяқталады. Атап өткен жөн о баста мұнда басқа сурет салынуы тиіс болған, алайда халық пен аудан әкімдігі Әлихан Бөкейхан ауданында ұлт көсемінің бейнесі тұрған дұрыс деген шешімге келген.

Валерия Хасуева, урбанистика орталығының жетекшісі:

- Бұл Майқұдықтың көзге бірден түсетін жері. Сондықтан мурал осы жерге жақсы келеді. Қала билігімен де, тұрғындарымен де келісіп бекітіп алдық. Бояулар өте сапалы сондықтан кемі 10 жыл тұрады. Түнгілік уақытта прожектор жанып, әдемі көрініп тұратын болады.