Өскемендіктер мейрамды бір адамдай атап өтті

Ұмтылған қайта жаңғырды. Ел тәуелсіздігін айқындайтын ең басты ​құжат декларация қабылданған күннің маңызы өз мәртебесіне оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел Президентінің шешімімен. Бұған әрине қарайған халық қуанышты. Өскемендіктер де бүгін Республика алаңына жиналып Ұлттық мейрамды бір адамдай атап өтті. Тарихи күнге деген ерекше ықыластарымен де бөлісті.

- Бүгінгі республика күні құтты болсын. Барлықтарыңызға жақсылық, береке барлығыңызға қуанышты болсын осы мереке.

- Енді неше жылдан кейін мерекеміз қайта оралып жатқанына қуаныштымыз, мерекеміз мәңгілік бола берсін дейміз.

1991 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысында жалпы ішкі өнім 25 есе өсті.Бүгінгі күні 200 ден астам ірі инвестициялық жоба қолға алынған. Ендеше ел іргесінің беки түсуі үшін де, экономикалық әлеуетінің артуы үшін де тарихи күннің маңызы зор.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Ардақты ағайын қадірменді қауым. Береке мен бірлік татулық пен келісім, халқымызды үнемі алға бастап келеді. Тәуелсіз Қазақстанның мақсаты айқын жолы анық. Президентіміз атап өткендей біздің Отанымыз бір, мемлекетіміз бір, халқымыз бір. Сондықтан әрқашан бірге болайық. Республика күні құтты болсын!   

Республика алаңына жиналған жұрттың көңілі жай. Күн райы да Ұлттық мерекені сағына күткендей, жаймашуақ.Тұрғындар  ән мен жыр әуелеткен өнер ұжымдарының концертін тамашалалы.Сонымен қатар арзан бағадағы күзгі өнімдер мен бал жәрмеңкесін аралады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин