«Astana Media Week – 2022» апталығы жалғасып жатыр.LIVE

Instagram, Facebook, TikTok. Бүгінде бұл мобильді қосымшалар тек бір-бірімізбен байланыс құралы емес, ақпаратты жылдам әрі жеңіл етіп тарату тетігіне айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы себепті «Мета-ны» отандық масс-медиа идеология жұмыстарын жүргізуде тиімді пайдалануға тырысу қажет. Бұл тақырып бүгін Астанада өткен медиа апталықта көтерілді. Қазмедиа орталығында өтіп жатқан шарадана арна тілшісі Айдана Үсенбай тікелей байланысқа шығып, ақпарат саласындағы үздіктер бас қосқан айтулы шарада көтерілген мәселелерге тоқталды.