Елжан Біртанов сотта соңғы сөзін айтты

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев бүгін сотта соңғы сөздерін айтты. Экс-денсаулық сақтау министрі өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокурорлар таққан айыптың барлығына айыпталушылар тарапынан жауап айтылды. Енді соттың шешімін күтеді. Елжан Біртанов өзінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке, «Фармацияның» бұрынғы төрағасы Берік Шәріпке және денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған Людмила Бюрабековаға алғысын айтты. Олжас Әбішев те өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді. Ақша алмағанын айтып, ақталды. Енді соттың шешімін күтеді, оның нақты қай күні өткізілетіні қосымша хабарланады.