Қазақстандық әуе компаниялары енді жолаушыларға рейстерді кешіктіргені үшін өтемақы төлейтін болады

Қазақстандық әуе компаниялары енді жолаушыларға рейстерді кешіктіргені үшін өтемақы төлейтін болады

Өтемақы құны әрбір кешіктірген сағаты үшін билет құнының 3%-ін құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді атады. Айтуынша, кідіріс тасымалдаушының кінәсінен болған жағдайда ғана төлемді талап етуге болады. Мысалы, ұшақ ұшуға дайын болмаса онда әуекомпаниясы кінәлі деген сөз. Ал, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшпай қалса, онда өтемақы төленбейді. Сондай-ақ енді Павлодардан Астанаға ұшақпен қатынауға болады. Жаңа рейс бірінші қарашада ұшады. Жолааушылар аптасына 4 рет қатынай алады. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, билет бағасы – 10 мың теңге. Сатылым бүгін басталады.