Өскеменде ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Өскеменде аутизм және жүйке жүйесінде ауытқуы бар​ балаларға арналған оңалту орталығы ашылды.

120 орындық мекемеде​ 1,5-18 жас аралығындағы балаларға емдік дене шынықтыру, оқыту-әдістемелік және еңбек терапиясы арқылы ем шара жүргізіледі. Ең бастысы, осы қызметтің бәрі тегін. Бұл сондай балалар тәрбиелеп отырған ата аналар үшін үлкен демеу. Өйткені бүгінде жекеменшік бағыттағы осындай орталықтардың бағасы удай. Науқас бүлдіршіндерді қалыпты өмірге үйрететін педагогтар Алматыда және Ресейде біліктіліктерін шыңдап келген.

Жадыра Садықова, күндізгі бөлім әдіскері:

- Бұрын, мысалы, біз сабақты карусель ретінде​ жүргізетінбіз, яғни балалар үш топқа бөлінеді де кезек-кезек кабинетте мысалы жүрсе, қазіргі таңда біз кәдімгідей сабақ кестесін құрдық, ол жерде балалар толыққанды қырық минут сабақ өтеді, одан кейін бәрі жоспар бойынша​ жүретін болды қазіргі таңда бізде.