«Хабар 24» арнасында «Пікірталас» бағдарламасы көрерменге жол тартады

Бүгіннен бастап арнамызда жаңа бағдарлама көрерменге жол тартады.

Тың жобада қазіргі кездегі қоғамдағы ең маңызды, ең өзекті, ең өткір мәселелер талқыланады. Телеалаңға мықты деген сарапшылар тартылып, түрлі тақырыпта өзара пікір таластырады. Мұның барлығы тікелей эфирде «Хабар24» арнасында «Пікірталас» бағдарламасында көрсетіледі. Ал әрбір көзқарас, әрбір пікірдің бағасын тек көзі қарақты көрермен ғана бере алады. Ол үшін тегін байланысқа шығып ұнаған спикерге дауыс беріңіз. Бұл қазақстандықтардың көзқарасы мен ұстанымын анықтауға мүмкіндік береді. Бірер минуттардан кейін тартысқа толы жобаның тұсауы кесілмек. Онда «Көлік жүргізуші куәлігін беру ережесін қатаңдату қажет пе?» мәселесі талқыға салынады. Тізгінші белгілі журналист Еркін Байғабыл. Еңдеше  21:30-да "Хабар 24" арнасы қосулы болсын.