Ақтөбеде шығарылған тауарды Шанхайға неше күнде жеткізуге болады?

Ақтөбеде шығарылған тауарды Қытайдың Шанхай қаласына неше күнде жеткізуге болады?

Алматы облысында өткен тоғызыншы жас тасымалдаушылар форумына қатысқан студенттер осындай тапсырмаларды шешудің тиімді бағыттарын іздеді. Дәстүрлі шараға биыл 100-ден астам студент қатысты. Соның бірі Нұрболат Сейдалы. Ол қатарластарымен бірге Ақтөбеден Шанхайға ет экспорттаудың арзан әрі жылдам жолын ойлап тапты. Жүкті діттеген жерге жеткізудің бірнеше бағытын жасап, ең тиімдісін қазылар алқасына ұсынды. Сөйтіп, тауарды небәрі 14 күнде жеткізуге болатынын дәлелдеді. Топ жарған студенттер елдегі ірі транспорттық компанияда ақылы негіздегі тәжірибеден өтіп, білімін шыңдайды.  Форум аясында халықаралық көлік саласының мамандары шеберлік дәрісін өткізді.

Нұрболат Сейдалы, студент:

- Бұл жерде үш маршрут құрастырдық және ең тиімді маршрутты белгілеп көрсеттік. Ең тиімді маршрут бізде... Ақтөбе қаласынан шығып, мына жердегі Достыққа дейін жеткізілідеі. Достықтан ол жерде жүктер тиеліп, содан Шанхайға бірден жолға шығады.