Елде кәсіпкерлерді қолдау артады

Кәсібін жаңадан бастаған шағын бизнес иелерін қолдау артады. Өңірлерде тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін барлық қажетті жағдай жасалады. Бұл жайында ел Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту көзделіп отыр. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау тетіктерін жетілдіреді. Райымбек Баталов жаңа коммерциялық жобаларды іске қосуға, Үкімет пен бизнес арасында тиімді диалог орнатуға, одан әрі көңіл бөлінетінін жеткізді.

Райымбек Баталов, «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы:

– Отандық кәсіпкерлер кеңесі, министрліктер жанындағы жұмыс топтары секілді диалог алаңдары бастамасының оң нәтижесін көріп отырмыз. Әр сала бойынша шешуді қажет ететін стратегиялық мәселелерге басымдық берудеміз. Бұл бизнес қауымдастықтарын ынталандырады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Бизнесті, кәсіпкерлікті дамыту Үкімет үшін приоритетті. Бизнестің проблемаларын біз күнделікті түрде Үкіметте қараудамыз. Сондықтан да бұл мәселелерді әрі қарай да сіздермен бірге жүргіземіз.