Оралдағы ХҚКО-да жаңа қызмет түрлері пайда болды

Оралдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында sms хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесін хабарлайтын жаңа сервис іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни енді тұрғындарға хабарламамен бірге қызмет нәтижесінің сілтемесі жолданады. Оның көмегімен дайын құжатты жүктеуге немесе басып шығаруға болады. Бұл жүйе қызмет алушылардың уақытын едəуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін қызметтер үшін құжаттарды жеткізіп беру сервисі де іске қосылды.

Нəдір Құрымбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бқо филиалының директоры:

– Соңғы уақытта ХҚО арқылы қандас мәртебесін алушылар қатары көбейді. Соған байланысты Орал қ. №1 ХҚО бөлімінде қандастарға қызмет көрсететін арнайы терезе ашылды. Мұнда қандас бауырларымыз келіп, барлық құжаттары бойынша кеңес алып, құжаттарын тапсыра алады. Жыл басынан бері 215 адам ХҚО арқылы қандас мәртебесіне өтініш тапсырған.