Қапшағай су қоймасында балықтардың неден қырылып қалғанын анықтау үшін арнайы комиссиясы құрылды

Қапшағай су қоймасында балықтардың неден қырылып қалғанын анықтау үшін арнайы комиссиясы құрылды

Бұған дейін  салаға жауапты министрлік су қоймасына мамандардың жіберілгенін мәлімдеген еді. Оның құрамында Балқаш – Алакөл облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері, қорықшылар, қалалық әкімдік пен экология департаментінің мамандары бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеруден кейін тиісті баға беріледі. 1 қарашада осы аймақта  «Айна Су» серіктестігі  каракөз балығының 30 мың шабағын суға жіберген. Алдын ала мәлімет бойынша, қатты дауыл тұрған кезде шабақтардың бір бөлігі жағалауға шығып қалған» деген дерек бар. Мамандар өлген балық пен су сынамаларын арнайы зертханаға жіберді. Сараптама қорытындысы бір айдың ішінде дайын болады.

Ринат Қумашев, «Балқаш-Алакөл» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:

- Жиналған балықтың салмағы 400 кг құрады.   Қазіргі таңда аталған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін инспектор тарапынан құқық қорғау органдарына хат жолданды. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғау бойынша. Қазіргі таңда балық ресурстарына келген залал мөлшері 735 мың теңгені құрап отыр.