Ақмола облысында 18 мың бала екпе алды

Ақмола облысында жыл басынан бері 18 мыңға жуық бала қызылшаға қарсы екпе алды. Әлі 6 мың бүлдіршін вакцина салдыруы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эпидемиологтардың сөзінше, аймақта екпеден бас тартатын ата-аналар көбейген. Мамандар бұл үрдіс жалғаса берсе, дертке шалдыққандар көбеюі мүмкін екенін айтады. Биыл ауру дерегі тіркеле қойған жоқ. Дегенмен сақтық және алдын алу шараларын бір сәтке де тоқтатуға болмайды. Сондықтан қазір барлық емханада ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

– Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцина алуы тиіс балалардың 95 проценті екпе салдыруы қажет. Ал егер бұл көрсеткішке жете алмасақ, онда балалар тұрмақ ересектер де ауыруы мүмкін. Оған статистика дәлел. Мәселен, соңғы екі жылда бізде бірде бір жағдай тіркелген жоқ.