Алматыдағы түрмеде қаңтар оқиғасына қатысқан 82 адам жазасын өтеп жатыр

Алматыдағы қылмыстық атқару жүйесінің «ЛА-155/1 мекемесінде» Қаңтар оқиғасына қатысқан 82 азамат жазасын өтеуде.

Олардың 14-і жақын күндері Мемлекет басшысы жариялаған рақымшылық негізінде босатылады. 

Қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасамаса да заң бұзғандығы үшін түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар бар. Олардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Мемлекет басшысының бір реттік рақымшылық жасау туралы бұйрығына сәйкес, олардың жазасын өтеу мерзімі қысқарады. «Қаңтар оқиғасына қатысып, шалыс қадам жасағанымыз өзімізге өмірлік сабақ болды»,-дейді сотталушылар. 

Жазасын өтеуші:

- 5-і күні шықтым кешкісін, қалаға, дос балалармен. Митинг деген ондай мақсат болған жоқ. Қызық көріп шықтық қалаға. Қорған магазинде. Бәрі қару-жарақ алып жатыр екен. Бәрі киім алып жатыр, одан кейін біз де киім алдық қызығып. Өмірлік сабақ болды ғой, осы жерде отырып ойланғанымыз. Қателік, ақымақтықпен істедік бәрін. Рақымшылыққа ілініп жатқанымызға алғыс айтамыз. Рақмет айтамыз, бізге осындай мүмкіндік беріп жатқандарына. 

Жазасын өтеуші:

- Қуанғаннан секірдік қой, амнистияны естіп. Аман-есен шығып кетсек екен, амнистияға.*5-і күні кешке таксовать етіп шықтым. Алтын Орда жақтан келе жатқан кезімде жолдан бейтаныс бір кісілер маскамен тоқтатып мені машиналарына қинап салып алып, оружие магазинге алып келді мені. Оружие магазинге кіріп кетті олар, артынан мен кірдім, оружиені сырттан тауып алдым мен, көшенің бойынан.

Алматыдағы қылмыстық атқару жүйесінің «ЛА-155/1 мекемесінде» қаңтар оқиғасына қатысқан 82 азамат жазасын өтеуде. Олардың 14-і Мемлекет басшысы жариялаған рақымшылық негізінде босатылады. 

Анар Әбдікәрімова, мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің басшысы:

- Егер азамат 5 жылға сотталған болса, жазасын өтеу уақытының төрттен үш бөлігі қысқарады, яғни үш жыл тоғыз ай. Ал олар сот шешімі шыққанға дейін қамауда отырғандықтан, жазасын толық өтеген болып, түзеу  мекемесінен  босатылады.

Түзеу мекемесі өкілдерінің айтуынша, рақымшылыққа сәйкес, қаңтар оқиғасына қатысқандар екі аптадан кейін босатылады. Ал ауыр қылмыс жасағандар сот тағайындаған жазасын темір тордың ар жағында өтейтін болады.

Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов