Петропавлда орталық су құбыры жарылды

Петропавлда орталық су құбыры жарылды

Петропавлда орталық су құбыры жарылып, сусыз қалған 13 үйге тіршілік нәрі берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Енді тағы 3-4 нысан қалды», – дейді мамандар.  Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж, Манаш Қозыбаев университетің бассейн ғимараты, «Аманат» партиясының филиалы мен 9 қабатты бір үй енді қосылады. Естеріңізге сала кетсек, кеше түстен кейін қаладағы орталық құбырлардың бірі жарылып, көшелер көлге айналған болатын. Қазір апат болған жерде 10 техника мен 3 бригада жұмыс істеп жатыр. Апат зардабы жойылғанша, тұрғындарға суды тасып берді.