Риддерде үйлерге жылу беру мәселесі толық бақылауға алынды

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында батереялардағы жылу кешегіден қарағанда біршама көтеріліп қалды.

Екінші және үшінші қазандықтар іске қосылғалы бері жағдай түзеліп келеді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Дәл қазір номері алтыншы қазандықты қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталып, оны да іске қосу басталады.

Осының барлығы сәтті жүзеге асса тиісті жылу нормативіне жетуге мүмкіндік туады. Айта кету керек аймақ басшысы басқарған жедел штаб​ апат болған «Риддер жылу электр орталығында» төртінші күн қатарынан, тәуліктеп жұмыс істеп жатыр.

Жылуға жарымай отырған Риддерліктер үшін жақсы жаңалықтар айтыла басталды.Қазандықтар рет ретімен іске қосылып жатыр. Егер жұмыс осы қарқынмен жалғасса, жуық арада шаһардағы жағдай толық тұрақталады. Қазір​ станцияда​ бірнеше бригада жұмыс істеуде. Жөндеу шараларына металлургиялық зауыт пен қатар Өскемендегі бірнеше энергетикалық өнеркәсіптер қоса жұмылдырылды.

Радий Айтикеев, "Риддер-ТЭЦ"АҚ вице-президенті:

- Төрт қазандық жұмыс істеп тұр, үшеуі орташа, ал біреуі жоғары қысымда.Бұл жүйедегі суды 75 градустан жоғары ысытуға мүмкіндік береді. 

Алдағы үлкен міндет​ 4​ және бесінші қазандық жұмыстарын жандандыру. Олар қатарға қосылса Риддер қаласында​ мәселе толық шешіледі деген сөз. 

Елена Беленцева, "Кэмонт" АҚ Бас директоры:

- Кабель желісін төсеу сонымен қатар термодачиктерді орнату басталды.Тиісті құрылыс жұмыстары да қолға алынған. Ең күрделі төртінші және бесінші қазандықтарға аудит жүргізіп жатырмыз.

Облыс әкімі Даниал Ахметов басқарған​ жедел штаб қазір кәсіпорынды толық бақылауға алды.айтуларынша әзірге барлық ойға алған мақсат нәтижелі іске асып келеді. 

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Біз қайткен күнде де осы мекемені мемлекеттік теңгерімге өткізуіміз керек. Қазір​ соған күш салатын боламыз. Өйткені бүгінгі күннің өзінде осы жердегі барлық жұмысты өзіміз ұйымдастырып отырмыз. Қысқа мерзімде жылу электр орталығының жұмысын толық ретке келтіреміз деп ойлаймын.

Бүтін бір қаланы жылумен қамтып отырған мекемені осындай халге түсірген жылу электр орталығыны басшылығының әрекетін тиісті орган өкілдері тексеретін болады деді облыс әкімі. Сондықтан ​ кінәлілер жауапкершілікке тартылады.​

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов