Қызылорда облысында коронавирустан бір адам көз жұмды

Қызылорда облысында 76 жастағы тұрғыны коронавирустан көз жұмды.

Қария індетке қарсы вакцина қабылдамаған екен. Сондай-ақ бірнеше күн дәрігерге көрінбей, ауруын асқындырып алған. Бүгінгі ақпаратқа сәйкес ел бойынша 693 адам коронавирус жұқтырған. Басым бөлігі жеңіл түрде өтіп жатыр. Тек 82 науқас ауыр жағдайда, бір адам өкпені желдеткіш құрылғысына қосылған.

Жангелді Шайымбетов, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Науқас вакцина егілмеген. Енді науқасты қаулыға сәйкес, пневмония болғасын тест алынды. ПЦР оң нәтиже берді. Науқасқа 9 күн ем жасалды. Бірақ ем нәтиже бермей, науқас қайтыс болды.