Кейінгі кезде мазмұны бей-әдеп сериалдар көбейді – депутаттар

Кейінгі кезде мазмұны бей-әдеп сериалдар көбейді – депутаттар

Кейбір кинодағы ерсі көріністер әлеуметтік желілерде, желдей есіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай туындылар кинотеатрларға да шыға бастады. Депутаттар отандық кино саласы жіті қадағалауға алынуы қажет деп есептейді. Министрлік прокатқа шығатын фильмдерге куәлік берерде қоғамдық пікір мен мемлекеттік саясат тұрғысынан, талаптың орындалуын күшейтуі тиіс. Депутат Мақпал Тәж-мағам-бетова фильмдер мен қойылымдарда сахна әдебінің сақталуын бақылауды талап етті.

Оның айтуынша, бұл әрекеттер біртұтас ұлттың тағдырына, қоғамға, идеологиямызға тіпті мемлекеттік саясатқа, кере-ғар әсер етіп жатыр.

Мақпал Тәжмағамбетова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

- Заңға сай 21+санатындағы фильмдерді кино залдарында кешкі сағат 10-нан таңғы сағ 6-ға дейін прокаттауға жол беріледі деп нақты көрсетілген. Алайда мұндай фильмдер кешкі сағ 6-дан бастап көрсетіліп жүр. Оң-солын әлі танымаған жастар, ата-анасынан кешкі уақытқа сұранып шыққан жасөспірімдер емін-еркін көруде. Сонда бұл заңды белден басу ма? Мұндай сорақылыққа кім және не үшін жол беріп отыр? Рухани құндылығымызды қайтсек түгендейміз деп жүргенде, ұрпақты дүбара қылатын мұндай насихат жаудан да қауіпті болып тұр.