Қостанайда қос бірдей есірткі зертханасы әшкереленді

Тәркіленген марихуананың салмағы жиырма келіден асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұсталған адамдар улы затты үйлерінде сақтаған. Сонымен қатар тінту жүргізген полицейлер қарасора өсіретін екі жылыжай бөлмесін тапты. Оның бірі балконда орналасқан. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Асылбек Әлмағамбетов, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы:

- Жалпы биыл заңсыз айналымнан 200 келіден аса есірткі жойылды. Оның ішінде 555 грамнан астам героин, 18 келі  гашиш, бір жарым келіден аса синтетикалық препараттар заңсыз айналымнан алынды.