Ақпараттық технологиялар саласының үздіктері марапатталды

Бүгін Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Айтулы датаға орай Астана-Айти университетінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен сала қызметкерлерінің кездесуі өтті. Саланың дамуына сүбелі үлес қосқан 60-қа жуық маман «Үздік цифрландырушы» наградасымен марапатталды. Жиында соңғы 20 жылда  елдің аталмыш саладағы жеткен жетістіктері сөз болды. Мәселен, биыл  Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингінде 28-орынға тұрақтады. Ал «онлайн-қызметтер сапасының индексі бойынша 8-орынға жайғасты.

Жанат Сәдуақасова, үздік цифрландырушы:

- Бұл сала да 2002-жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Осы электронды үкіметтін қалыптсуына ықпал еттім осы уақытта. Содан бері, міне, көріп отырған нәтижелері бізді қуантады. «Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен марапатталып отырмын. Бұл өте бізге маңызды марапат деп есептеймін.