Елімізде Qazaq Oil-дың 380 АЗС жұмыс істеп жатыр

Qazaq Oil-дың бекеті алыстан мен мұндалайды. Станция заманауи қондырғылармен жабдықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда бензин мен дизель отынының ең сапалысы сатылады. Бастысы, жолдан шаршаған жолаушыға демалып, тамақтанатын орын бар. Тіпті заманға сай дәретхана да орналасқан.

Нариман Әбілшайықов, Qazaq Oil компаниясының атқарушы директоры:

- Қазіргі таңда 380 АЗС жұмыс істеп жатыр. Оның 210-ы осындай жаңа форматта ашылып отыр. Сондықтан заманауи стандарттарда қызмет көрсетуге тырысып отырмыз. Біздің мақсат тұтынушыларға заманауи қажетті қызмет көрсету. Неге десеңіз, күніне мұнда 10 мыңнан астам жолаушы келеді.

Qazaq Oil сапалы жанармай құйып қана қоймай, дәмді ас мәзірін де ұсынады. Онда да «Қазақ» деген атына сай ұлттық тағамдарға басымдық берілген. Қазы қосылған бургер, пиццаның түр-түрі ұсынылады.

Ескендір Салықов, Qazaq Oil компаниясының технолог, бас аспазы:

- Кез келген жолда тоқтаған кезде ең бірінші «Қазақ» деген сөзді оқисыз. Сол жерде жанармайды толтырып алып, көңіл күймен бағасы арзан дәмді тамақтар болғаны дұрыс. Біз сонымен қатар пиццаны қазымен дайындауға тырыстық.

Бекетте сауда саттық та жасалады. Шағын маркетте жүргізушілер мен жолаушыларға қажеттінің бәрі бар. Тіпті балалардың шағын ойын алаңы да қарастырылған. Ал қауіпсіздік үшін бейнекамералар орнатылған.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Наурызбай Құрманғазы