Әлемде жоғалып бара жатқан аң-құстардың ерекше фотокөрмесі ашылды

Елордада әлем бойынша жоғалып бара жатқан аң-құстардың ерекше суреттерін бейнелейтін фотокөрме ашылды.

National Geographic photo ark деп аталатын жобаға қызығушылық басым. Тіпті жер шарында екі түрі ғана қалған аң да осы суреттерде  бейнеленген. Көрмені тамашалап келген әріптесім Гүлзия Нақыпқызы баяндап берсін.

Көрмедегі суреттер жәй ғана фото емес, жер бетінен мүлдем жойылып кетудің алдында тұрған тіршілік иесінің ғажайып сұлу бейнесін паш ететін портреттер. Көрмедегі суреттер ешкімді бей-жай қалдырмайды. 

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шын мәнінде бұл тарихи күн. Өйткені бұл көрменің миссиясының өзі біздің ұлтымыздың дәстүріне сай. Біз қоршаған ортамызға, жалпы жан-жануарларға үлкен құрметпен қарауымыз керек. Ол бұрыннан дәстүрімізде бар ұлтымыздың. Ал енді мынау National Geographic-тің осындай жобасын шын көруге асығып келдік. 

National Geographic 1888 жылдан бері батыл адамдар мен жаңғыртушы идеяларға инвестиция салып келеді. Жеті құрлықтағы жұмыс үшін жыл сайын 15 000-нан аса грант бөліп, 3 миллион студентті оқытуға атсалысады. Әлемнің алпауыт елдерінде қолдауға ие болған бұл жоба біздің елде де жалғасын тапты. Қазақ тілінде жарық көретін журнал да бар. 

Айбын Шағалақов, "Қазмедиа холдинг" компаниясының басқарушы директоры, National Geographic журналының жауапты редакторы:

- Журнал шығып жатқанына 6 жылдан асты. Қазақстанда алғаш рет 2016 жылы ақпанда шықты. Содан бері міне біраз уақыт өтті. Негізгі National Geographic  сот сети деген қоғам бар. Сол әлемнің 70-тен аса елінде шығады. 37 тілде. 37 тіл боп Қазақстанда шығады. 

National Geographic осы маңызды жобаны көптеген платформада, соның ішінде Астанадағы Ұлттық музейде көшпелі көрме форматын ұсынып отыр. Мәдени шара 4 желтоқсанға дейін жалғасады.

Гүлзия Нақыпқызы, Мұрат Әріпханов