ОСК жанындағы сарапшылар кеңесі жұмыс істейтін бағыттар айқын

Азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру мен қорғау тетіктерінің тиімділігін жақсарту.

Сайлау заңнамасын жетілдіру арқылы жүйені одан әрі дамыту. Бұдан бөлек сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық және электоралды мәдениетін арттыруға үлес қосу. Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған сарапшылар кеңесі осындай негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істеуге тиіс. Кеңестің құрамына құқықтану, саясаттану, әлеуметтану салаларының өкілдері, қоғамдық бірлестік мүшелері мен аумақтық сайлау комиссияларының басшылары енген. Астанада болған отырыс кезінде  алдағы мақсат-міндеттер жан-жақты талқыланды.