Оралда сұйытылған газ тапшы

Газ құю бекеттерінде бүгін ұзын сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбір стансалар тек талонмен беріп жатыр. Облыстық Энергетика жəне тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жүргізіліп жатқандықтан, тасымалданатын газ көлемі азайған. Қараша айына 3 438 тонна қажет. Алайда қалыптасқан жағдайға байланысты аталған көлем 35% азайып кеткен. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары қарашаның 7-14 аралығына жоспарланған. Ал 18 қарашадан бастап қайтадан толық қуатына көшпек.