Ақмола облысының тұрғынынан 24 тонна алкоголь тәркіленді

24 тоннаға жуық алкогольді сатуға әрекеттенген Ақмола облысының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол көлік тіркемесіне спирті бар сұйықтық толтырылған ыдыстармен ұсталған. Әрқайсысының көлемі 1000 литр болатын 24 пластик ыдыс табылды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қорытындысына сәйкес тәркіленген құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 27,5 млн теңгеден асады. Сот үкімі А.Т. Батжановқа қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.