«Хабар 24»-тің тілшілері мен редакторлары Қайнар Олжайдың сабағына қатысты

"Хабар 24" арнасының тілшілері мен редакторлары Қайнар Олжайдың сабағына қатысты.

Ардагер журналисті агенттік басшылығы арнайы шақыртқан. Ол тағылымды семинарда жас ізбасарларына жазу және редакциялау технологиясын үйретті. Мақала немесе сюжет жазбас бұрын қандай дағдыларды қаперде ұстау керектігін жіктеп-жіліктеп айтты. Тақырып қою да шеберлік. Қазақ журналистикасының жетістігіне қуанып, кемшілігіне налитын ардагер қаламгердің айтары көп.

Қайнар Олжай, ардагер журналист:

- Ақпарат құралдарында типтік қате бар. Қателердің бірнеше түрі бар. Оның ішінде бейнелі сөздерді дұрыс қолданбау, сандарға, цифрларға келгенде, сөйлем құрағанда қателесіп жатады. Типтік қателерді жүйелеп, соларды қалай жөндеу керек екенін көрсетіп беремін. Бұл презентация "Хабар" агенттігі үшін арнайы дайындалды.