Ел тарихындағы маңызды күнде зиялы қауым өкілдері үн қосты

Ел азаматтарының әрқайсы сайлауға барып, өз таңдауын жасауы керек. Зиялы қауым өкілдері осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтық-саяси ұстанымды білдірудің маңызы жоғары екенін айтқан Қаржаубай Сартқожаұлы бұл сайлау осыған дейінгі саяси науқандарға мүлде ұқсамайды деген пікірде. Жазушы өз даусын таңғы 8-де берді. Сондай-ақ өзгелерді де маңызды сәтте шет қалмай, үн қосуға шақырды.

Қаржаубай Сартқожаұлы, филология ғылымының докторы, профессор

Бұл сайлаудың маңызы ерекше деп ойлаймын, табыстарға жетеді деп ойлаймын.