ШҚО-да жарты млн жуық адам сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болды

Шығыс Қазақстан облысында бүгін 500 мыңға жуық адам, сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Дауыс берушілер белсенділігі жақсы. Өскеменде бүгін 122 сайлау участок жұмыс істеп тұр. Оның 10-ы жабық учаскелер қатарына жатады. Өлкедегі саяси науқан барысы жайында тілшіміз Эльмира Ахметова айтып берсін.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Өскемендіктердің де,алыс жақындағы ауыл​ аймақ жұртының да бүгіні сайлауға белсенділігі ерекше. Біз қазір шаһар шетінде ​ ықшам аудандағы Оралхан Бөкей атындағы мектеп лицейі ішінен ашылған учаскеде тұрмыз.

Бұл мектепте екі бірдей сайлау учаскесі орналасыпты. Осы екі учаскеде жалпы 4,5 мың сайлаушы тіркелген. Тұрғындар​ сайлау учаскесі ашыла салып дауыс беріп жатыр. Дегенмен шаһарымызда ең​ бірінші болып дауыс беруді бастап, ең бірінші болып аяқтаған​ учаскелер бар. Олардың қатарында әскери бөлімдерде ашылған учаскелерді жатқызуға болады. Жалпы сайлаушылар қатарында отбасымен келіп жатқандар көп.Солардың бірі Қазақ аналары ұйымының осы шаһардағы өкілдері. 

Нұрия Сейітбекқызы "Қазақ аналары" қоғамдық ұйымының өкілі:

- Бүгін расымен де қайырлы берекелі күн болып отыр. Біз егеменді еліміздің, өзіміздің үзілмес ұрпақтарымыздың болаашағы жарқы келешегі кемел болсын деп, әділ басшы сайлауға, еліміздің Ел президентін сайлауға келдік.

Сайлау барысында​ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықығы тең қорғалған. 

Жүріп тұруы қиын қарттар да үйден дауыс беріп жатыр. Ал учаскеге келген мұндай жандарға барлық​ жағдай жасалған. Мәселен, көзі көрмейтін азаматтарға арнайы дауыс беру орны жасақталған. Сондықтан олар саяси науқанға ешбір кедергісіз қатысып жатыр деуге толық негіз бар.