Қ.Тоқаев қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтты

Ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен елорда көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «Асқар Серікұлы төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп, елімізге адал қызмет етудің үлгісін көрсете білген азамат еді. Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Осы бір әрекеті арқылы ол Отан алдындағы азаматтық антына берік екенін және жанқиярлық ерлігін көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – деп жазылған жеделхатта.