Кандидаттардың сенімді өкілдері де сайлауды бақылады – Ақмола облысы

Ақмола облысында сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың сенімді өкілдері саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін қадағалап отырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта осындай 150-ден астам өкіл болды. Олар байқаушылармен қатар саяси науқанның барысын бақылады. Солардың бірі көпбалалы ана Гүлнұр Мұхамбеталина сайлаудың әділ өткенін айтады.