Серік Ақтаев президенттік сайлауда өз таңдауын жасады

Тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Серік Ақтаев та президенттік сайлауда өз таңдауын жасады. Атақты спортшы отбасымен бірге №29 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл өте маңызды оқиға. Одан бүтін бір елдің болашағы шешіледі», – деді ол. Комиссия мүшелерінің айтуынша, аталған сайлау учаскесіне келген тұрғындардың қатары қалың. Саяси науқанға қариялар да, жастар да белсенді түрде қатысқан.

Серік Ақтаев, тоғызқұмалақтан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері:

– Сайлауда келген адам біріншіден, саналы түрде өзінің бүгінгі шешімін қабылдады. Екіншіден, көңіл-күйге айтатын болсақ, мерекелік көңіл-күй деп ойлаймын халықта.