Маңызды күнде боксшылар да дауыс берді

Бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Мерей Ақшалов та өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол сайланған президенттің халық үшін, ел мүддесі үшін қызмет етеріне сенім білдірді.

Мерей Ақшалов, бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы:

– Өзім үшін, өзімнің бала-шағам үшін, қазақ елі үшін өз таңдауымды жасадым. Мен ҚР азаматы ретінде сайлауға келдім азаматтық белсенділігімді көрсету үшін. Алдағы 7 жылға Президент таңдадым.