Халықтың үлкен аманатын арқалатып отырмыз – Дулыға Ақмолда

Кез келген мемлекет үшін президент сайлауы – тарихи жауапты сәт. «Сайлауда дауыс беру – ол өз болашағыңды айқындау деген сөз», дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда.

Өз таңдауын жасаған өнер иесі көрерменге театрдағы және кинодағы бірегей рөлдері арқылы кеңінен танымал. Егер актер әр кейіпкерінің тағдыры үшін жауапты болса, мемлекетке басшылық ететін адам ел тағдыры үшін жауапты. Сондықтан сайлаудан халық қалыс қалмауы тиіс деген ой айтты.

Дулыға Ақмолда, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Бүкіл Қазақстан халқы үшін бүгін бір өте жауапты күн, сындарлы сағат деп есептеймін. Өзімнің дауыс берген кандидатым президент болған жағдайда үлкен сәттіліктер тілеймін. Бұл оңай емес, халықтың үлкен аманатын арқалатып отырмыз.