Шымкентте дауыс беруге бір отбасының мүшелері түгел келді

Сексеннің сеңгіріне шыққан Мұхан атай мен Дариға әжей сайлауға бей-жай қарамай, әр адам өз таңдауын жасауы керек дейді. 

Сондықтан ұл-қыздары мен келіндерін ертіп ала келді. Саналы ғұмырында барлық саяси науқаннан қалыс қалмаған қариялар жастарға осылайша үлгі көрсетуді ойлаған. Аймақта жас отбасылар мен өзге ұлт өкілдері де конституциялық құқығын пайдаланып, белсенді дауыс берген.

Мұхан Омаров, қала тұрғыны:

Шынында халықтың, жұрттың, көпшіліктің өзі сайлауға қатысып толық дауыс беруі өте керек нәрсе. Халықтың ойын-пікірін байқау келешекке деген ықылас-ниетін білдіреді. Бұл деген өте маңызды нәрсе.

Дариға Иманбекқызы, қала тұрғыны:

– Міне осы сайлау күнінде үлгі болсын, өнеге болсын жастарға өзіміздің үйренген тәртібімізді келешекке қалдырайық деп. Жанұядан отбасымыз түгел келдік. Бала-шағамызбен келінім, ұлым, ата төртеуміз келіп отырмыз.