Жастардың саяси сауаты артып келеді

Алматыда «Тәуелсіз бақылаушылар ұйымының» өкілдері сайлау қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің ұйымның жастары өз жұмыстарын тиянақты орындады. Таңертеңнен бастап дауыс беру бюллетеньдерін санау аяқталғанша тәуелсіз байқаушылар өз жұмысын қалтқысыз атқарды. Осы жерде Алматыдағы сайлау учаскелерінің барлығы кәсіби тұрғыда жұмыс істегенін айта кеткен жөн. Ешқандай сайлаушылардан шағым түскен жоқ. Тек тіркелген орнын таба алмай әуре-сарсаңға түскен санаулы азаматтар болмаса, барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Олардың пікірінше, Алматыда азаматтық қоғамның саяси сауаттылығы жылдан жылға артып келеді.  

Мақсат Мамадияров, тәуелсіз байқаушы:

Бізде 531 сайлау учаскесін қамтыдық. Соның ішінде енді халықаралық тәуелсіз бақылаушылар 43 ұйым болды. Сол жерде бір ұйым халықаралық ұйымның  азаматымен сөйлесіп қалдық. Сол кезде ол кісінің пікірі бізге деген оң пікірін білдік. Сонда сұхбаттың барысында былай дейді: Осы сіздердің сайлау науқанында мен жастардың, белсенділігі  өте жоғары деңгейде екенін байқадым дейді.