Талдықорғандағы ескірген жеделсатылар жаңартылатын болды

Редакциямызға хабарласқан қала тұрғындары басқарушы компания мен мердігер арасында 7 жеделсатыны ауыстыру бойынша келісімшартқа қол қойылғанын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біз өткен аптада бұл мақсатқа бөлінген 300 млн теңгенің әлі күнге дейін игерілмей жатқанын айтып, эфирде көрсеткенбіз. Онда көпқабатты үй тұрғындары тапсырыс берушіні: «Тендерге өзіне ыңғайлы мердігерді таңдап отыр», – деп айыптаған еді. «Сол бейнесюжет эфирге шыққан күннің ертесінде облыс басшысының тікелей араласуымен бұл мәселе оң шешімін тапты. Тұрғындар туындағын түйткілді ескерусіз қалдырмай, биліктің назарын аударып, дұрыс шешілуіне атсалысқан телеарна ұжымына  алғыс айтты.

Гүлмира Байғұтдинова, басқарушы компания басшысы:

- ОСИ төрағасымен, «Алматылифтпен» кеше келісімшартқа қол қойылды. Біз бәріміз өте қуанып жүрміз. Бәріне рақмет айтқымыз келеді. Тұрғындар өте риза болды. «Хабар 24» арнасы бізге көмек берді.