Шымкентте тері ауруларының таралуы көбейді

Жыл басынан бері бір ғана теміреткі бөртпесін 1118 адам жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері дерматомикозға шалдыққан науқастар өткен жылмен салыстырғанда 14% артқанын мәлімдеді. Дәрігерге қызарған бөртпе белгілерімен көбіне жас балалар жүгінген. Мамандар: «Аурудан үй жағдайында құлан-таза айығып кету қиын», – дейді. Сондықтан медицина қызметкерлеріне қаралуға кеңес береді. Теміреткі бұралқы ит, мысықтан жұғуы мүмкін. Сондай-ақ жеке бас тазалығын сақтамағанда пайда болады.

Жанар Жақсылықова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық 75% құрап отыр. Барлық аурушаңдық биылғы жылы көтеріліп отыр. Өткен жылы бізде коронавирустық инфекцияның өршуі болды. Барлық адамдар, оқушылар, балабақша барлығы онлайн болды. Бәрі үйде болды. Сондықтан олардың арасында қарым-қатынас болған жоқ.