Интернеттегі алаяқтарға көбіне балалар ұрынады

Елде әлеуметтік желідегі ойын түріндегі алаяқтық сайттар мен аккаунттарға тіркелем деп алданатындар көбейді.

Қаржылық мониторинг агенттігігінің мәліметінше мұндай жағдайға көбінесе жасөспірімдер мен балалар ұрынатын көрінеді. Биылдың өзінде осындай 8 мың 500 интернет ресурс бұғатталды. Алайда Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері бүгінгі күнге дейін қанша бала, қанша жасөспірім алаяқтардың арбауына түскендігі туралы ақпар бере алмады.  Бірақ жүргізіліп жатқан алдын алу шараларын жіпке тізгендей баяндап берді.

- Жауап бола ма, болмай ма? Нақты қанша жасөспірім алданды және қанша қаражат?Сіздердің тараптарыңыздан талдау жүргізілді ма? Жүргізілген жоқ па?

- Қазіргі таңда сұрағыңызға жауап айтайын. Ол статистика бізде жоқ.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Қосымша пән ретінде оқытылып жатыр. Оны оқытатын мектеп мұғалімдері емес. Біздің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері барып арнайы дәрістер оқып отыр. 17 мыңға жуық оқушылар осы лекцияларды, осы дәрістерді тыңдап өтті. Оның ішінде 40 колледж, 300-ге жуық мектеп, 34 жоғарғы оқу орыны бар.