«ҚазМұнайГаз» өз акциясының 5%-тін IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр

Биыл алғашқы жарты жылда «ҚазМұнайГаз» 670 млрд теңге табыс тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде ұлттық компания басшысы Мағзұм Мырзағалиев «Бетпе-бет» бағдарламасында айтты. Енді компания өз акциясының 5% IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр. Яғни, 30,5 млн акция ұсынылады. Бір құнды қағаздың бағасы 8406 теңге тұрады. Компанияның акциясын сатып алу үшін кез келген азамат брокерлердің қызметіне жүгіну қажет немесе «Tabys» мобильді қосымшасын пайдалану арқылы құнды қағазды иелене алады. Үшінші тәсіл – ол "Қазпошта" бөлімшелеріне барып, акция сатып алуға болады.

Мағзұм Мырзағалиев, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ басқарма төрағасы:

- Біздің кеңесшілерміздің пікірі бойынша әр акцияның өсім болжамы 30-50% аралығында болжамдалады. Оның себебі неде? Оның себебі ең бастысы біздің қазір қоржынымызда бірнеше үлкен жобаларымыз бар. Бұл жобаның аясында қазір 45 млрд доллар қаражат бөлінді, жұмсалды сол жобаға. Және сол жобаның арқасында мұнай өндіру көлемі қазіргі 27-28 млн-нан 40 млн тоннаға дейін өсетін болады.