Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан көркемдік кеңес құрылды

Енді отандық сериалдар мен фильмдерді білікті мамандар жіті қадағалайды.

Осы арқылы телеөндірісті жаңа сатыға шығару жоспарланып отыр. Әсіресе тарихи кезеңдерге, қоғам өміріндегі көкейтесті мәселелерге ерекше мән берілмек. Бүгін кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оған телевизия саласының тәжірибелі мамандары, режиссерлер, сценаристер мен кино сыншылары қатысты. Кеңес мүшелерінің пікірінше әр туынды ең алдымен ұлттық идеологияға сай келуі тиіс. Одан кейін сценариінен бастап, картинасына дейін сүзгіден өтеді. Жиын барысында балалар мен жастарға арналған телехикаялар өндірісін қолға алу мәселесі де көтерілді.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Айтылған мәселелердің барлығы  протоколға енгіздік. Таяуда біз Медиа-уик өткіздік. Сонда да осы сериалдарға арнайы талқылау болды. Өте тартысты болды. Жақында орталық Азия медиа-форумы өтеді желтоқсан айында. Онда да осы сериалдарды талқылауды жоспарлап отырмыз.

Болат Қалымбетов, кинорежиссер:

- Егеменді ел болғаннан кейін болашақты ойлауымыз керек. Біздің болашағамыз кім ол өсіп келе жатқан ұрпақ. Ата-бабасының кім екенін, қазақ деген кім екенін, өзі қай ұлттың азаматы екенін соның бәрін олар білу керек, түсіну керек. Оны біз санасына сіңдіру керекпіз. Кейінгі кезде жақсы-жақсы сериалдар шығып жатыр. Оған ешқандай күмән жоқ. Бірақ дегенмен де кішкене болса да кәсіби жағы. Драматургия, режиссура, музыка. Сосын актерларды таңдау, сол сериалға керек дүниелер ғой.