Қонаев қаласында ретро-көліктер музейі бар

Бұл жерде өткен ғасырда шығарылған 50-ден астам автомобиль, ондаған мотоцикль мен жүздеген тұрмыстық бұйым жиналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр зат кешегі күннен сыр шертеді. Шебер құрастырушылардың арқасында көне автокөліктер жөнделіп, әрленіп-сырланды. Солардың ішінде Дінмұхаммед Ахметұлы мінген «Чайка» автокөлігінің орны бөлек.

Ретроавто мұражайында негізінен өткен ғасырдың 40-80 жылдары Кеңес одағы мен шет елдерде шығырылған көліктер бар. Соның ішінде мотоциклдер, велосипед пен арнайы техниканы да көресіз. Сондай ақ музейде әлемде сирек кездесетін ретрокөліктерді тамашалап, тарихымен танысуға болады.

Қазір әйнегі жылтырап, шамдары жарқырап тұрғанкөліктер дәл осы қалпында болмаған. Олар еліміздің әр аймағынан әкелініп, қайта жасалды. Ескі машиналарға жаңа бөлшектер салынып, салоны былғары мен брезентпен қапталды. Мәселен «Газ-20» маркалы көлігі Горкий атындағы зауыттан 1946-1958 жылдар аралығында шығарылды. Қазір бұл нағыз рарирет. Ал, Димаш Ахметұлының «Чайка Газ-14» темір тұлпарының ұзындығы 6 жарым метрден асады.

Бұл автокөлікті Димаш Ахметұлы 1983-84 жылдары Алматыда мінді. Кейін «Чайка» жеке қолға өтіп, көп жыл қараусыз қалды. 8 жыл бұрын Мұратбек Амантайұлы көлікті сатып алып қалпына келтірді. Жаңадан сырлап, қосалқы бөлшектерін салып, жаңалады.

«Чайка»  жолға жиі шыға бермейді. Оны тек мереке күндері ғана жүргізеді. Жалпы салондағы барлық көлік жүріске жарамды. Өткен сайлау күні қала көшелерімен оншақты ретрокөлік жүріп өтті. Әрқайсының бағасы қымбат. Бірақ, сатылмайды. Ал «Чайка» 8 жылда қалпына келтіріліпті.

Мұратбек Сіргебаев, ретро-салон директоры:

- Алғашқы сапарымызды Дінмұхаммед Ахметұлының туған жері Бақанас ауылына жасадық. Барыс-келіс қашықтығы300 шақырым болды. Көлікті қалпына келтіруге ұзақ уақыт кетті. 

Салон директоры Мұратбек Амантайұлы бұл іске жан-тәнімен берілген адам. Әр көліктің шығу тарихы, жөндеу жұмыстары туралы жалықпай  әңгіме айтуға бар. Алдағы уақытта салонды кеңейтіп, ретро көліктермен толықтырмақ. Бұған қоса муражайда Кеңес одағы кезінде халық қолданған тұрмыстық заттар, музыкалық аспаптар мен сан-алуан бұйымдар қойылған.