Қонаев қаласында білікті мамандар тапшы

Қонаев қаласында мамандар тапшы. Аймаққа 300-ден астам білікті маман қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Таяуда өткен бос орындар жәрмеңкесінде мемлекеттік қызмет істеймін деушілерге де ондаған вакансия ұсынылды. Бұған қоса шаһарға инженерлер, энергетиктер, мұғалімдер мен көлік жүргізушілері керек.

Бос орындар жәрмеңкесіне мемлекеттік мекемелер мен 20-дан астам кәсіпорын қатысты. Жұмыс іздеушілер ұсынылған бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен танысып, қажетті кеңес алды. Мысалы, мемлекеттік қызмет істері агентігінің сайтында елуге жуық дүрлі деңгейдегі ваканттық бос орындар жарияланған. Ал өткен айда 600 конкурс жарияланған.

 Асхат Тәкебаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері облыстық департаменті басшысының орынбасары: 

- Мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттік қызметкер боламын деген азаматтарды осы вакансия, конкурстарға қатысып білімін деңгейін көрсете білсе. Конкурстардан өтіп жатса жұмысқа келіп жатса бізге нұр үстіне нұр болар еді.

Жалпы жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орталығына 1550 адам хабарласқан. 460 адам уақытша қоғамдық жұмыспен қамтылады. «Жастар практикасымен» 55, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен 29 жасқа дейінгі 15 адам түрлі кәсіпорындар мен мекемелерге орналастырылады.

Ардақ Қонысқұлов, қала тұрғыны:

- 2 ай бұрын келіп, регистарция өтіп құдайға шүкір жұмыс істеп жатырмын. Негізі жұмыс іздеген адам табады.

Сағынай Мұсағитов, Қонаев қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры: 

- Еңбек.кз сайт арқылы 1100 ден астам адам тұрақты жұмыс орнына орналасты. Жалақылардың құны жұмыс орнына және де мамандыққа байланысты. Яғни, бізде 80-90 мың теңгеден жоғары 350-400 дейін баратын мекемелер бар. 

Қалада шағын және орта бизнес дамыған. Халық қызмет көрсету мен сауда-саттыққа бейімделген. Дегенмен, Алматыға барып жұмыс істеушілер бар. Әркім өз мамандығы бойынша жұмыс істегенді қалайды әрине. Бірақ, Қонаевтың маңында бірнеше ірі өндіріс орындары шоғырланған. Оларға маханизаторлар, инженерлер, технологтар керек. 300 мыңға дейінгі жалақыны да солар ұсына алады. Ал қалада халық санып өсіп жатыр. Білікті дәрігерлер мен білімді ұстаздарға сұраныс артты. Жалпы жыл басынан бері қалада 560 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.