Өскеменді қою тұман қаптады

Үскірік аяз аз болғандай, Өскеменді енді көк тұман басқан.

Тіпті әлеуметтік​ желіде өндіріс орынында апат болды деген ақпарат тараған. Дегенмен, экологтар бұны жоққа шығарды.  Олардың айтуынша, қалада қолайсыз метеожағдай байқалғанына төрт күн болған. Ауада күкірт қышқылы мөлшері тиісті шектіктен 4 есе артып тұр. Оған аяз қосылып, су көздері буланып, тұман пайда болған. Әрі автокөлік пен өндіріс ошақтарынан, жекеменшік үйлерден шыққан түтін де араласып, жағдайды ушықтырған. 

Данияр Әлиев, ШҚО Экология департаментінің басшысы:

- Қазіргі күні өз алдына өндірістік бақылау департаментімен сол жерде тексеріс қарастырып жатырмыз. Оның ішінде ешқандай апаттық жағдай анықталған жоқ, сонымен қатар қазіргі күні біз сұраныс хаттар жібердік, сол бойынша келешекте ақпарат беретін боламыз.