Сіз газетке жазылдыңыз ба?

Сіз газетке жазылдыңыз ба?

Министрлер де газет-журнал оқиды. Бүгін Ақпарат және қоғамды дамыту, онымен бірге Оқу-ағарту министрі балалар басылымына жазылды.

Биыл елде «Балалар жылы» жарияланғандықтан, ведомство басшылары кішкентай оқырмандар басылымын таңдаған. Жалпы мерзімді баспасөзге жазылу 3 қарашада басталды. 25 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазір қазпоштаның мәліметі бойынша қазақстандықтар 11 млн дана газет-журналға жазылып үлгерген. 

Әсел Жанасова,  «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы:

- Менің ойымша, бұл қарашада басталып, желтоқсанда аяқталмау керек. Ол деген жыл бойы адам подписка жасағысы келсе жасай алатын сервсике айналуы керек. Мемлекет тарапынан қалай оқуға құмарлығын, балаларды, әсіресе, подпискаға ынталандыруымыз керек.