Алматыда 100 мың түп ағаш егілмей қалды – депутат

Осыдан үш жыл бұрын мегаполисте «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында 1 млн ағаш отырғызу жоспарланған еді. Бүгінгі күні соның 750 мыңдайы ғана желек жайды.

Ал қалғаны егілмей қалды,-дейді қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Пономарев. Себебі биыл тендерді бұл шаруамен мүлдем айналысып көрмеген мекеме жеңіп алған.

Сергей Пономарев, қалалық мәслихат депутаты:

- Әрине, Алматының алға қойған жоспары өте ауқымды болатын. Егер соның барлығы жүзеге асар болса, Алматы шынымен қазіргісінен асып түсетін жасыл қалаға айналар еді. Бірақ тендер талабы кері әсерін тиізіп отыр. Биыл 150 мың түп көшет отырғызуға арналған қомақты қаржыны Жезқазғандағы зағиптар қоғамы жеңіп алған. Олар өздерінде ешқандай материал болмаған соң, осындағы жасыл желекті күтіп-баптаумен айналысатындардан ағаш көшеттерін сатып алмақ болған. 

Алматының бір өзінде жасыл желек өсірумен  үлкенді-кішілі 120  компания айналысады. Олардың кәсіби мамандары, құрал жабдықтары тіпті тұқымбақтарына дейін бар. Бірақ, тендердің талабы бойынша арзан баға ұсынып, конкурста жеңіп шыққан мердігер үшін жұмыс істеуден бас тартқан. Бұл жағдай жария болған соң тендердің нәтижесі жойылып, басқа мекемемен келісім-шарт жасауға тура келген. 

Мақсат Қабиденов, Экология және қоршаған орта басқармасы жасыл қорды басқару бөлімінің бас маманы:

- Жоспар бойынша 100 мың бұта отырғызу керек болған және 200 мың ағаш отырғызу керек болған. 0034 Тендерлік процедуралардың созылып кетуіне байланысты ұта алмаған мердігер ұйым ішкі аудитке шағымдануына байланысты қазіргі күнде екі айға кешіктіріліп отыр. 0052 Дегенмен де соттың шешімімен аудиттың оң шешімімен қазіргі кезде 3 мердігер ұйыммен келісім жасасып ағаш отырғызу жүргізіліп жатыр.

Дәл осы компаниялар қар түскенше жоспарланған 300 мыңға тарта жасыл желектің 190 мыңын отырғызған. Қалғаны көктемге қалыпты.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Кенже Амраев