Адам радиацияны ұялы байланыс станциясынан гөрі пештен көбірек алады – Мусин

Қазақстанда 6 мыңға жуық елді мекен бар. Соның 1 мың 200-інде интернет жоқ.

Ауыл былай тұрсын ірі қалалардың өзінде байланыс сапасына шағым көп. Шаһардың бір бөлігінде жылдам интернет жұмыс істесе, кей жерде мүлде тартпай қалады дейді тұрғындар. Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің пікірінше, мәселені қалың бұқараның өзі шиеленістіреді. Себебі, көпқабатты тұрғын үй кешенінде бір адам базалық станциядан қауіптенсе, операторлар оны алып тастауға мәжбүр болады. Осылайша, бір кісі мыңға жуық адамды интернеттен айырады. Осыған байланысты қазір елде жаңа заң жобасы дайындалып жатыр. Оған сәйкес, енді интернет антенасы көппәтерлі үйлердің барлық тұрғыны қарсы болса ғана алынады.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Ол фобия, күнделікті өмірде микроволновка бар ғой, үйлеріңіздегі сол микраволновкадан ол көбірек облучение алады. Ол құрылғыны жасайтын Нокиа, Эриксн дейтін алып компаниялар. Олар Еуропа, Америкада орнату үшін барлық сертификациядан өтеді, Сондықтан біз олармен жұмыс істейміз, олардың құрылғыларын қойған кезде барлық стандартқа сай деп есептеуге болады.   

Одан бөлек қараша бағаның да жоғары екеніне шағымданады. Дегенмен, министр қазір Қазақстан интернеті ең арзан 10 елдің қатарына кіретінін айтты. Бірақ, осыған қарамастан бізде байланыс құнын төмендетуге мүмкіндік бар. Қазір бұл салада бар-жоғы екі оператор ғана жұмыс істейді. Егер олардың арасында бәсекелестік орта қалыптасса құн да арзандауы мүмкін. Қазір жауаптылар бұл мәселені де майшаммен қарауда.