Ақтаулықтар жылуға 606 млн теңге қарыз

Ақтаулықтардың қалаға жылу беріп отырған кәсіпорынға қарызы 606 млн теңгеге жетті.

Кейбір тұрғындардың коммуналдық төлемдерді бірнеше жыл төлемегені белгілі болып отыр. Осыған байланысты шаһар билігі берешегін өтеуді сұрап, өткен айда жұртшылыққа үндеу жариялады. Бұған халық құлақ асып, соңғы аптада 300 млн теңгеден астам қаражат серіктестік шотына түскен. Энергокомбинат теңіз суын тұщытып, қайнату арқылы тұрғындарды ауызсу және жылумен қамтып келеді.

Абай Обаев, серіктестікке қарасты департамент директорының орынбасары:

- 21 қарашадағы жағдай бойынша тұрғындар берешегі 600 млн теңгеден асқан еді. Желтоқсанға дейін 276 млн 943 мың теңгеге азайды. Қарызы төленбеген пәтерлерді жылудан ажырата алмаймыз. Алдымен сотқа жүгініп, содан соң бір шешім шығарылады.