«Aktobe invest-2022»: 8 меморандумға қол қойылды

Елордада «Ақтөбе Инвест-2022» халықаралық инвестициялық форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Осымен 7-рет ұйымдастырылған шараның мақсаты – Ақтөбе өңірі экономикасына инвесторлар тартып, әріптестік байланысты орнату.

Жиында 30-дан аса мемлекет пен еліміздің өзге өңірлерінен келген инвесторлардың назарына бірнеше ірі жоба ұсынылды. Олардың көбі ауыл шаруашылығы, медицина және өнеркәсіп саласында іске асырылмақ. Сондай-ақ меймандар облыстың мүмкіндіктерін 5 блоктан тұратын арнайы көрмеден тамашалады.

Нәтижесінде Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Е-Эр-Джи» компаниясы және  Германия, Литва, Түркия Республикасы елдерінің, ірі инвесторлары арасында 2,7 триллион  теңгені құрайтын 8 меморандумға қол қойылды.

Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:

- Ақтөбе обылсы экономикасы жан-жақты дамыған деп айтуға негіз бар. Ірі өндіріс орындарымен қатар, ауыл шаруашылығын да дамытуға болады. 37 пайызы бүгін ауылшаруашылық мүмкіндіктері. Бір сөзбен айтқанда, ірі өндіріс орны болғанымен, қазір басқа бағыттарды да дамыту керек