Қазақ-қытай шекарасының маңындағы ауылда мәселе көп

Мәселен, шекара шебіндегі елді мекенге жаңа мектеп, мәдениет үйі қажет.

Бұл жергілікті халық көтерген мәселенің бір бөлігі ғана.

Достық ауылы - Жоңғар қақпасы маңында орналасқан. Сондықтан елдімекенде жыл бойы жел соғады. Аңызақтан аздап қорған болатын жасыл желек отырғызу тұрғындарды толғандырған басты мәселенің бірі. 

Алмагүл Дәулетқазықызы, Достық ауылының тұрғыны:

- Достық кентіне біріншіден көгалдандыру жұмыстарын жүргізу керек. Ол үшін бәріміз бірлесе «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші жұмыс істеуіміз керек. Екіншіден жаңа мектеп керек. Скл Себебі күненн күнге жастар Достыққа қоныстанып жатыр. сол үшін тағы бір үшінші мектекп салынса нұр үстіне нұр болар еді.

Ауыл ішін көгалдандыру жұмыстары қолға алынды, дейді әкімдіктегілер. Келесі жылы жеті көше жөнделіп, абаттандырылмақ. Биыл кеден бекетіне дейін төрт жолақты жол салынып жатыр. Елді мекендегі ең маңызды мәселе маман тапшылығы. 

Бақтығали Қажыбаев, Достық ауылының тұрғыны:

- Бізде врачтар жетпейді, хирург, хирург, жас мамандар тапшы, балабақша өте жақсы салынған жылы оған да мамандар жетіспейді. Шалғай өңір болғаннан кейін емханаға тех персонал қажет. Сварщиктер, сантехниктер қажет.

Климаттың қаталдығына қарамастан ауылда кәсіпкерлік саласы өркендеп келеді. Көбіне тамақтану және қызмет көрсету орындары ашылып жатыр.

Демесін Рысалдиев, кәсіпкер:

- Мұнда барлығы еркін. Заң аясында жұмыс істесең еш кедергі жоқ. Жергілікті әкімдік көмектесіп тұрады. Келешекте жанармай құю бекетін салып, кәсібімізді үлейтуді жоспарлап отырмыз.

Алмас Әбдінов, Алакөл ауданының әкімі:

- Достықтың кіре берісінен бастап көгалдандыру, абаттандыру инфроструктурасы барлығын қазіргі таңда жоспарын жасап жатырмыз. Бұл жасалынады. Ары қарай дамыту үшін бюджеттен қаражат сұраймыз. Келесі жылға «Комфортный среда» арқылы 600 орындық мектептің құрылысын бастағалы жатырмыз.

Қазір Достықта жаңа терминал және логистикалық орталық салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғанда екі жүзден аса адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар келесі жылы 200 орындық жатақхана мен 20 пәтерлі көпқабатты үй тұрғызылмақ. 

Шыңғыс Қалиден, Гүлнәр Жантасова, Қуаныш Түргенбаев